Қазақстанда осы уақытта 34 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚаззАқпарат – 12 сәуірдегі мәлімет бойынша, 34 478 адам короновирус инфекциясынан (33 908 КВИ+ және 570 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Оның ішінде 12 349 пациент стационарда, 22 129 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 569 адамның жағдайы ауыр;

• 170 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 109 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар