Қазақстанда өндірілген мұнайдың қанша көлемі өңделіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қазақстанда өндірілген мұнайдың қанша көлемі өңделіп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, бұған дейін Үкімет отырысында Нұрлан Ноғаев Қазақстанда осы жылдың қаңтарынан қазан айына дейін мұнай және конденсат өндірісінің көлемі 71,6 млн тоннаға жеткені айтылған еді.

«Биылғы қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша 13 млн тонна мұнай өңделді, бұл көрсеткіш қаңтар-қазан айларының жоспарына 98,4% құрайды. Соның ішінде автобензин бойынша көрсеткіш 3,66 млн тоннаға жетті, яғни осы жылғы 10 ай жоспарына 100,8%. Битум өндірісі 2020 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша 949 мың тоннаға жетті, яғни есепті айдың жоспарына 107,1%.

Мұнай-газ-химия өнімдеріне тоқталатын болсақ, оның көлемі 298 мың тоннаға жетті, бұл осы жылдың 10 айының жоспарынан асып түсті, яғни 110,3%», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар