+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

Қазақстанда наурыздан бастап теміржол билеттері қымбаттайды

2021 жылғы 18 қаңтар 14:20
Бөлісіңіз:
Қазақстанда наурыздан бастап теміржол билеттері қымбаттайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда наурыздан бастап теміржол билеттері қымбаттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
7,5 мың теміржолшы пойыз жолдарын қардан тазартуда Ақтөбеде рельстен шығып кеткен цистерна ішінде жанар-жағармай болған Жаңа көліктерді  қай өңір тұрғындары көп мінеді

«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билеттерінің құны 7% - ға артады», - делінген хабарламада.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп жатқанын еске салды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдан 2020 жылға дейін 159 вагон сатып алғанын хабарлаймыз. Аталмыш вагондар келесі бағыттар бойынша қатынайтын жолаушылар пойыздарының құрамында бар. Олар: Алматы-Маңғыстау, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш, Атырау-Нұр-Сұлтан, Атырау-Алматы, Нұр-Сұлтан-Арқалық, Атырау-Маңғыстау, Алматы-Жезқазған және Нұр-Сұлтан-Семей. Сонымен қатар, осы жылдың 1 тоқсанында 50 жаңа вагон жеткізіледі деп күтілуде. Бұл вагондар келесі бағыттар бойынша қатынайды деп жоспарлануда: Алматы-Маңғыстау, Қызылорда–Семей, Алматы-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Семей», - деп хабарлайды компаниядан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT