Қазақстанда мұнай-газ кен орындарын барлауға арналған алғашқы аукцион өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 желтоқсанда Қазақстанда тұңғыш рет мұнай-газ кен орындарында барлау мен өндіру құқығына арналған онлайн аукциондар өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, кез келген адам аукционның барысын бақылай алады. Ол үшін жеке онлайн аукцион залы құрылған.

«Онлайн аукциондар сервисі 2020 жылғы 1 қыркүйекте www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімі порталында іске қосылды. Оның көмегімен ҚР Энергетика министрлігі инвесторларға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге ниетті. Бүгінде 82 учаске туралы ақпаратты қамтитын интерактивті карта барлығына қолжетімді. Нысандардың әрқайсысы бойынша аукционға бастамашылық жасау үшін әлеуетті инвестордың өтінімді онлайн бергені жеткілікті. Содан кейін кен орнын барлау және/немесе игеру құқығын аукционға шығару процесі басталады», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство ақпаратына сәйкес, аукционға барлығы 10 учаске қойылды. Бірақ 23 желтоқсанда тек 7 учаске бойынша аукцион өткізіледі. Қалған үшеуі аукционға қатысушылардың аз болуына байланысты өткізілмейді.

«Жаңа тетік нарықтың ашықтығын қамтамасыз етіп, бюрократияны азайтады және бизнес үшін де, мемлекет үшін де шығындарды айтарлықтай азайтады. Ақпараттық жүйе мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау есебінен алдын ала бағалау жүргізіп, қажет болған жағдайда қатысушылардың өтінімдер жіберуіне шектеу қояды», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар