Қазақстанда мұнай-газ-химия саласына маманданған 7 зауыт салынбақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021-2025 жылдары мұнай-газ-химия саласына маманданған 7 зауыт салынуы мүмкін. Жобалардың жалпы құны - 12,7 млрд доллар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Мәжілісте өткен отырыста Мұнай-газ-химия саласын дамытудың бес жылдық ұлттық жобасы қандай нәтиже беретінін түсіндірді

«Үкіметпен мұнай-газ секторын шикізаттық бағыттан терең өңделген, қосылған құны жоғары өнім шығаруға бағдарлау бойынша жұмыс жүргізілуде. Қойылған міндеттерді іске асыру арқылы мұнай-газ химиясы өнімдері өндірісінің көлемін 2025 жылға қарай 2 млн тоннаға жеткізу көзделген», - деді Нұрлан Ноғаев.

Министрдің сөзіне қарағанда, осының арқасында мұнай-газ химиясы өнімдерінің экспортын 2025 жылға қарай 8 есеге ұлғайтып, 1,336 млрд доллар табс әкелі көзделген.

«Бұл барлық кірістің 80%-ын құрайды. Осылайша, 2025 жылға дейін жалпы құны 4,7 млрд доллар болатын 5 зауыттың құрылысын аяқтап, жалпы құны 12,7 млрд доллар болатын 7 зауыттың құрылысын бастау көзделуде», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар