Қазақстанда моноқалалар жылдам дамитын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда моноқалалар 2018 жылдан бастап тез дамитын болады. Бұған бөлінетін қаражат 5 есеге - 37,8 млрд теңгеге дейін артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2017 жылы моноқалалар мен шағын қалаларды салуға «2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша 7,2 млрд теңге бөлінеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда, екі есеге төмен.

Дегенмен, 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына сәйкес, келесі жылы «үшінші деңгейдегі» қалаларды қаржыландыру  5 есеге ұлғайып, 37,8 млрд теңгеге жетеді. Ал 2019 жылы ол 55,4 млрд теңгеге дейін артады.

2017 жылы дамыту бағдарламасының инфрақұрылымдық жобалары 7 өңірде ғана жүргізілуде: Қарағанды, Шығыс  Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Павлодар, Қостанай және Алматы облыстарында. 9 моноқалада 14 жоба іске асырылатын болады.

Ең көп қаражат Қарағанды облысына бағытталады - 3,3 млрд. Оның 1,3 млрд теңгесі - Шахан кентінде қазандық пен жылу жүйелерін салуға, 1,2 млрд теңгесі Пришахтинскіде жылу магистралін қайта жаңартуға бағытталды. Екінші орында ШҚО - 1,5 млрд теңге. Үшінші орында Жамбыл - 1 млрд теңге.

Атап өтейік, 2018 жылы бюджеттік бағдарламамен «үшінші деңгейдегі» барлық қала (27 моноқала, 41 шағын қала) қамтылатын болады.  70-тен астам жоба мақұлданады.

 

Соңғы жаңалықтар