Қазақстанда медициналық маска мен қорғану бұйымдарын экспорттауға тыйым салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жеке медициналық қорғану құралдарын ел аумағынан шығаруға ресми түрде тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мәлімдеді.

«Аталған шара ұлттық қауіпсіздік пен ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау аясында жасалған. ҚР Премьер-Министрінің «ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 29 қаңтардағы өкіміне сәйкес, сондай-ақ Қытай Халық Республикасында және басқа да елдерде коронавирустық инфекцияның жаңа түрінің (2019-nСоv) таралуына байланысты, қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайлардың туындауын болдырмау үшін және инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қолға алынған», - делінген комитет хабарламасында.

Комитет төрағасы ҚР аумағынан жеке қорғану құралдарын – респираторлар, қорғану көзілдіріктері, I-II типті немесе бір реттік қорғану костюмдері (обаға қарсы), медициналық маскалар, респираторлық маскалар, халаттар мен қолғаптарды республика аумағына әкетуге тыйым салу туралы бұйрық шығарды.

«Бұл тыйым әлемдегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы кезінде ел халқының санитарлық-эпидемиологиялық денсаулығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - дейді комитет.


Соңғы жаңалықтар