Қазақстанда мал басы өсіп келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстанда мал басы өсіп келе жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық экономика министрлігінің баяндамасында аталып өткендей, осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,2%-ға ұлғайып, 934,4 млрд теңгені құрады. Бұл өсім мал шаруашылығындағы өнім көлемінің 2,3%-ға, оның ішінде сойылатын еттің 3,5%-ға, сүттің 3,2%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді», - деді Сапархан Омаров Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, облыстар бойынша республикалық қарқыннан жоғары көрсеткішке Жамбыл, Қарағанды, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан өңірлері қол жеткізген.

«Сондай-ақ, ірі қара мал санының - 4,1%-ға, қойдың - 2,8%-ға, жылқының - 7,9%-ға, түйенің - 4,4%-ға және шошқаның - 1,5%-ға өскені байқалады. Ал өсімдік шаруашылығында 2020 жылғы көктемгі дала және егіс жұмыстарын дер кезінде жүргізу үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Бүгінгі күні егіс жұмыстары толығымен аяқталды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар