Қазақстанда қызметкердің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауды көздейтін үш жақты келісімге қол қойылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ге сілтеме жасап.

Отырысқа Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен өңір әкімдерінің орынбасарлары осы бағыттағы атқарылып жатқан шаралар бойынша есеп берді.

Отырыс барысында вице-премьер пандемия кезінде ең алдымен жұмыс орындарының сақталуы, жалақының уақытылы төленуін қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық беріліп отырғанын атап өтті. Осы орайда Ералы Тоғжанов жұмыс берушілер мен қызметкерлердің мүдделерін қорғайтын кәсіподақтардың баға жетпес үлесін атап өтті.

Қорытындылай келе Е. Тоғжанов орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар тапсырма берді, атап айтсақ:

штаттарды және еңбекақы төлеу шарттарын оңтайландыру бойынша Қазақстанның жұмыс берушілері іске асыратын шараларға кешенді талдау жасау; еңбекақы төлеудің бірыңғай стандарттарын енгізу мәселесін пысықтау; салалық үшжақты комиссиялардың жұмысын жандандыру.


Бұдан бөлек, отырыс аясында Қазақстан Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері мен кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері арасында 2021-2023 жылдарға арналған бас келісімге қол қойылды. Жаңа келісімде қойылған міндеттер қызметкерлердің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді.


Соңғы жаңалықтар