+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қазақстанда қылмыстық істердің 78,6% электронды форматта қаралып жатыр

2021 жылғы 25 қазан 17:10
Бөлісіңіз:
Қазақстанда қылмыстық істердің 78,6% электронды форматта қаралып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде елімізде қаралып жатқан қылмыстық істердің 78,6 пайызы электронды форматта жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да 3 монша кешенінде жезөкшелер притоны жұмыс істеген Участкелік инспекторларға қандай жаңа міндеттер жүктелген Участкелік инспекторлардың іс-әрекет алгоритмі әзірленді - ІІМ

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу қызметі де автоматтандырылып жатыр. Өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап қылмыстық істі жүргізудің үш деңгейлі моделі енгізілуде. Жаңа жүйе қылмыстық іс тіркелген сәттен бастап, сотқа жіберілгенге дейін барлық процестің ашықтығын қамтамасыз етеді. Осы орайда қылмыстық істерді электронды форматқа көшіру үшін құқық қорғау органдары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде», - деді Сәкен Сәрсенов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Министр орынбасарының айтуынша, елімізде биыл тіркелген 159 557 қылмыстық істің 124 382-і электронды форматта жүргізілген.

«Бүгінде 70 688 істі қарау аяқталды. Оның ішінде 14 725 сотқа жіберілсе, 55 963 істі қарау тоқтатылды. Қазіргі уақытта елімізде қаралатын қылмыстық істің 78,6% электронды форматта қаралып жатыр. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарымыз бар», - дейді ол.

Бұған дейін С. Сәрсенов жыл соңында дейін еліміз бойынша барлық мектептің бейнебақылау жүйесі ҚР Ішкі істер министрлігінің Жедел басқару орталығына тікелей қадағалауға берілетінін мәлім етті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT