+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Қазақстанда құрастырылған көліктердің арасында қайсысы жоғары сұранысқа ие

2020 жылғы 19 наурыз 14:47
Бөлісіңіз:
Қазақстанда құрастырылған көліктердің арасында қайсысы жоғары сұранысқа ие

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың екі айында Қазақстанда 12 607 автокөлік құрастырылды. Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы мен арнайы машиналар да бар. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағына сілтеме жасап хабарлайды.

Есепті кезеңде Қазақстанда шығарылған көліктердің жалпы құны 94,1 млрд теңгеге бағаланып отыр. Оның ішінде жеңіл автомобиль өндіру екі есеге өсіп, 11 136-ға жетті. Автобус техникасын шығару (207 көлік) қаңтар-ақпан айларында 80 пайызға артты. Сонымен қатар, жүк көліктерін құрастыру (1 091) 7,3 есеге өскен.

Биыл Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Hyundai (2 138 көлік), Lada (1 986), KIA (1 105), Ravon (912) және JAC (107) енді.

Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде Skoda (92 көлік сатылды), Chevrolet (72) пен UAZ (35) бар екенін атап өткен жөн.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT