Қазақстанда құлдықтан құтылған ресейлік елордадағы РФ елшілігіне келді

None
None
ЯРОСЛАВЛЬ. ТАСС-ҚазАқпарат – Қазақстанда еңбек құлдығында болған Ресей азаматы, Ярославль облысының тумасы Алексей Котов бұрын өзі құлдықта болған Қарағанды облысынан Ресейдің Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігіне келген. Ол Ресейге ұшуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ярославль облысындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Сергей Бабуркин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Қарағанды облысы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ер адамның өзін қыстақтардың бірінде заңсыз ұстағаны туралы хабарлаған видеоны анықтаған болатын.

Видеода Котов 20 жыл жұмыс істеуге мәжбүр болғанын, іс жүзінде құлдықта болғанын айтқан.

«Мен телефон арқылы онымен (Котовпен – ред.) сөйлестім, ол қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы Ресей елшілігінде. Қазір Ресейге келу үшін құжаттарды рәсімдеу мәселесі шешіліп жатыр және жақын арада оны туған жерімізде қарсы аламыз деп ойлаймын», - деді Бабуркин.

Қазіргі уақытта Котов Қазақстаннан кету үшін құжат рәсімдеуді күтіп отыр. Құжаттар алынғаннан кейін ол Мәскеуге ұшады.

Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінің мәліметінше, оны әпкесі қарсы алады.

Алексей Котов 1977 жылы Ярославль облысының Гаврилов-Ямский ауданының Горе-Грязь ауылында дүниеге келген.

1997 жылы ол келісімшарт бойынша әскерге кеткен, Қазақстанда әскери борышын өтеген. 1998 жылы мамырда ол үйге қайтуы тиіс болған, бірақ ол келмеген.

1999 жылы ақпанда Котов жақындарына жазған хатында оны ұрып-соққанын, ауруханада емделіп шыққанын хабарлаған.

Котов 1999 жылдың шілдесінде байланысқа шығуын тоқтатқан.

Бұған дейін Ярославль облысы губернаторының міндетін атқарушы Михаил Евраев Котовқа Отанына оралуға, содан кейін өз-өзіне келуіне және жұмысқа орналасуына көмек көрсететінін айтқан. Ярославль облысында оны ата-анасы, үш әпкесі және екі ағасы күтіп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін «20 жыл құлдықта болдым» деп желіні шулатқан ресейлік неге жалған видео түсіргенін полиция қызметкерлеріне түсіндірген болатын.


Соңғы жаңалықтар