+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Қазақстанда Қожа Ахмет Ясауи туралы телехикая көрсетіледі

2021 жылғы 14 сәуір 14:25
Бөлісіңіз:
Қазақстанда Қожа Ахмет Ясауи туралы телехикая көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Qazaqstan» телеарнасы 19 сәуірден бастап Түркияда түсірілген Қожа Ахмет Ясауи туралы телехикаяны көрермен назарына ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көлік комитеті елордалық автобустардағы SMS-төлемнің алынуына пікір білдірді Жол жүру тарифтері жақын арада көтерілмейді – Автокөлікшілер одағы Өз әрекетімді ерлік деп есептемеймін – екі адамды өрттен құтқарған сержант

Түркия тарапы түсірген бұл телехикая «Мавера» деп аталады. Мавера – (араб тілінде «көрінетін әлемнің көрінбейтін арғы жағы» деген мағынаны білдіреді) көне Османлы тілінде қолданылған сөз. Қазақша «тылсым әлем», «қарсы жақ», «басқа дүние» деп аударуға болады. Режиссер Йүджел Хүдавердінің бұл фильмі тартымды әрі қызықты оқиғаларға толы.

Ясауи туралы телехикаяны түріктер жаңа форматта түсірген. Онда Қожа Ахмет өмірінің көпшілік біле бермейтін қырлары, жалпақ жұртқа беймәлім кезеңі көбірек суреттеледі. Сондықтан да бұл телехикая Қазақстан көрермендері үшін де қызықты болары хақ. Телехикаяда Ясауидің Арыстанбаптан алған құрма дәнегінің құрма ағашына айналу оқиғасы, дәруіштер хикаясы, тарихтағы алғашқы Алып-ерендер оқиғасы тартысты беріледі.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның таяудағы Түркияға жұмыс сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи өмірі туралы телесериал премьерасын Қазақстан мен Түркияда бір мезгілде көрсету туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын. Сонымен қатар екі ел арасында түркі жұртына ортақ тарихи тұлға – Қорқыт ата туралы бірлескен сериал түсіруге уағдаластық жасалған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT