Қазақстанда «қою қызыл» аймақтар пайда болды: Мұнда қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысымен «қою қызыл» аймаққа кірген облыстарда 2 тамыздан бастап шектеу шаралары күшейтілетін болды, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қою қызыл» аймақта демалыс күнінің шектеу шаралары енгізілсін», - деп жазылған қаулының мәтінінде.

Нақтырақ айтсақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында 2 тамыздан бастап:

1) орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы тармақтың 4-тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, «Ashyq»-қа қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін уақытша тоқтатылады;

2) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;

3) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің (вакцинацияланған және соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда) 80%-ы қашықтан жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар