Қазақстанда коронавирусты анықтауға арналған жедел-тест бағасы қанша болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Олимп» клиникалық-диагностикалық орталығы елімізде коронавирусты анықтауға арналған жедел-тест бағасы қанша болатындығын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сәби» қорының қайырымдылық көмегі аясында ең алдымен тәуекел тобына кіретін пациенттерге тегін жедел-тест жүргізу жоспарланып отыр. Ол үшін таяу уақытта адресі белгілі болатын сайтта арнайы сауалнаманы толтыру қажет. Эпидемиологтар сауалнамаларды өңдеп болғаннан кейін тәуекел факторы бар пациенттер тесттен өтуге шақырылады», - деп атап өтеді аталған зертханадан.

Таратылған ақпаратта жедел-тестілердің алғашқы топтамасы Қазақстанға жеткізіліп, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына 50 мыңнан беріледі. Тегін тестілеу жасалып болғаннан кейін Қазақстанның барлық қалаларында ақылы түрде жедел-тестілеу жүргізіледі. Оның болжамды құны 4 мыңнан 5 мың теңгеге дейін болады. Ақылы тестілеудің қашан басталатындығы қосымша хабарланбақ.

Бұған дейін ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова қазақстандықтардың коронавирусты анықтау тестін ақылы тапсыра алатындығын айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар