Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 47-ге жетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында 1 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 47-ге жетті.

Науқас ауруханаға 22 наурыз күні сағат 06.05-те келіп түскен. Испания арқылы транзитпен ұшып келген.

Зертханалық талдаулар вирус бар екенін дәлелденген. Вирусқа қарсы, симптоматикалық ем жүргізілді.

15-ші тәулікте КВИ-ға талдау алынды. Нәтижесі теріс болды. 7 сәуірде ауруханадан шығарылды. Жағдайы бірқалыпты.

Дәрігерлердің бақылауымен үй карантинінде 14 күн болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 670 адам болғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар