Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 1652 науқастың жағдайы ауыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 1 тамыздағы мәлімет бойынша 98 931 адам коронавирус инфекциясынан (96 145 КВИ+ және 2 786 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың арасында 28 162 пациент стационарда, 70 769 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 652 адамның жағдайы ауыр,

417 пациенттің жағдайы өте ауыр,

187 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар