Қазақстанда коронавируспен күресте психологиялық көмек беретін сайт ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халыққа психологиялық көмек беру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы (ЮНИСЕФ) covid-19.mentalcenter.kz сайтын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Аталған сайтта өзіңізді қызықтыратын сұрақтарға жауап алып, психологтың немесе психотерапевттің кеңесін тыңдай аласыз. Ол үшін алдын ала өтінім қалдыру керек. Өтінім берушіге сілтемесі бар СМС-хабарлама келеді. Ол сілтемеге өткеннен кейін тиісті маманмен белгіленген уақытта әңгімелесуге болады», - деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасында.

Аталған жобаға денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік және мемлекеттік емес секорда еңбек ететін 50 маман тартылған. Жоба арқылы коронавирус инфекциясы таралған уақытта жергілікті жағдай ескерілген үздік халықаралық психологиялық көмек беріледі.

Соңғы жаңалықтар