Қазақстанда коронавируспен күреске қанша қаржы бағытталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Хабар 24» телеарнасында өткен брифингіде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавируспен күреске қанша қаржы жұмсалатыны және қандай мақсатқа бағытталғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавируспен күреске тікелей бөлінген қаржы мәліметіне тоқталған министр, «бұл тұрғыда Президент жариялаған дағдарысқа қарсы шарларға қатысты емес. Коронавирусқа қарсы күрес шараларына қаржы Үкімет резервінен үш рет бөлінді», - деді.

Осы орайда 29 қаңтардағы бірінші транш аясында 1 млрд 609 млн теңге, 21 ақпанда қосымша 428 млн 227 мың теңге бөлінді. Сондай-ақ үшінші рет 25 наурызда 21 млрд 430 млн теңге бағытталды.

Бұл қаржы дәрілік заттарды, медициналық жабдықтар мен зертханалық құралдарды алуға, сонымен қатар медициналық маска мен қолғап, қорғаныс киімдері мен тестілерге бөлінді.

Мұнымен қоса, бұл шығындар азаматтарды эвакуациялауға, шұғыл медициналық көмекке, дезинфекция заттарын алуға және басқа да қажетті шараларға негізделді.

«Коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге үстеме төлем жасау мақсатында бюджетті нақтылауға өтінім жеке енгізілді», - деді Д. Абаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі індетпен күрес кезеңінде еріктілердің қосқан үлесі туралы айтты.



Соңғы жаңалықтар