Қазақстанда коронавируспен күреске 191 млрд теңге бөлінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавируспен күреске 191 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күнге коронавируспен күреске республикалық бюджеттен 191,9 млрд теңге бөлініп отыр. Оның 125 млрд теңгесі бюджетті нақтылау аясында, 66,9 млрд теңгесі Үкімет резервінен бөлінген», - деді Берік Шолпанқұлов.

Оның атап өтуінше, аталған қаражат мақсатты бағыттарға жұмсалады және қатаң бақылауда болады.

Бұдан басқа, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Медициналық қызметтер сапасын бақылау комитеті арқылы да көрсетілетін медициналық қызметтерге бақылау жүргізіліп, қадағаланады.


Соңғы жаңалықтар