Қазақстанда коронавируспен қанша адам екінші рет ауырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавируспен қанша адам екінші рет ауырды? Бұл сауалға ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта жаңа штамдардың пайда болуын байланысты коронавирус инфекциясын қайтадан жұқтырып алу тәуекелінің жоғары екендігіне қатысты мәліметтер шығып жатыр. Бізде әзірше нақтыланған екі жағдай бар. Клиникалық хаттамаға қайтадан жұқтыру және қандай жағдайлар оған сай келетіндігіне қатысты түсініктеме енгізілді. Ақпараттық база зерделеніп жатыр. Мұндай әрбір жағдай міндетті түрде консилиум арқылы нақтылануы тиіс», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандық мамандар тобы коронавирустан кейінгі асқыну мәселелерін есепке алуға кірісіп кеткендігін айтты.


Соңғы жаңалықтар