Қазақстанда коронавируспен ауыру көрсеткіші 11% төмендеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы 2 аптада елімізде коронавируспен ауру көрсеткіші 11 пайызға төмендеді. Бұл жайында бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазірдің өзінде әлемде коронавирус инфекциясының 244 млн-нан астам жағдайы тіркелді. Ал бір тәуліктің ішінде 300 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. 4,9 млн-нан астам қаза тапты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының мәліметінше, соңғы 2 аптада 54 елдің 35-інде ауру өсімі байқалған», - деді министр.

Оның атап өтуінше, соңғы 14 күннің ішінде коронавирустың таралуы Польшада - 160, Венгрияда - 120, Грузияда - 110, Әзербайжанда 104 пайызға артқан.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының құрамына кіретін 19 елде коронавирустың төмендегені байқалады.

Сонымен қатар ауру Израильде - 58, Испанияда - 28, Швейцарияда - 16, Черногорияда - 4 және Италияда 3 пайызға қысқарған.

«Қазақстанда соңғы 2 апта ішінде науқастану 11 пайызға төмендеді», - деді Денсаулық сақтау министрі.


Соңғы жаңалықтар