Қазақстанда коронавируспен ауырғандардың көпшілігі шетелге шықпай, ел ішінде жұқтырған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 294-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтеме жасап.

«30 наурыз сағат 15:00-дегі жағдай бойынша, елімізде коронавирус жұқтырудың 294 фактісі тіркелген. Оның 68-і сырттан жұқтырып келсе, 123 оқиға - науқаспен байланысқан адамдарда тіркелді. 103 оқиға - жергілікті аумақта жұқтырған» делінген комитет хабарламасында.

Нұр-Сұлтан қаласында – 167

Алматы қаласында – 73

Шымкент қаласында – 2

Ақмола облысы – 9

Ақтөбе облысында – 2

Алматы облысында – 7

Атырау облысында – 12

Шығыс Қазақстан облысы – 2

Жамбыл облысында – 3

Батыс Қазақстан облысында – 2

Қарағанды облысы – 7

Қызылорда облысы – 5

Маңғыстау облысы – 1

Павлодар облысында – 1

Солтүстік Қазақстан облысында – 1.


Соңғы жаңалықтар