Қазақстанда коронавируспен ауырған мыңыншы науқас емделіп, ауруханадан шығарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында 30 жастағы науқас коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Достар, жақсы жаңалықпен бөліскім келеді! Бүгін стационардан COVID -19 дертіне шалдыққан 1000-шы науқас емделіп шықты. Ол Қызылорда облысында емделіп жатқан 30 жастағы адам. Ол Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 16 сәуірде коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан түскен. Оның жағдайы орташа ауыр болған. Дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп, құрғақ жөтел және әлсіздік білінді. Оның өкпесін рентгенге түсірген кезде сол жақ өкпесінің интерстициалды қабынуы болғаны анықталды», - дейді Елжан Біртанов.

Оған «COVID-19 коронавирус инфекциясы, сол жақ өкпенің қабынуы, орташа ауыр деңгей» диагнозы қойылған.

«Емдеу COVID-19-ды емдеу және диагностикалау протоколына сәйкес жүргізілді. Емделгеннен кейін араға 24 сағат салып екі рет коронавирусқа зертхана тексеру жұмысы жүргізілді. Тест нәтижесінде коронавирустан емделгені анықталды. Стационардан шығар кезде ешқандай шағымы болған жоқ. Дәрігерлер оны 21 күн үйде карантинде отыру ұсынымымен шығарды. Мен алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге алғыс айтқым келеді. Жарайсыздар! Рахмет», - дейді министр.


Соңғы жаңалықтар