Қазақстанда коронавируске шалдыққандар саны 10,3 мыңнан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 10382-ден асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұсынылған соңғы мәліметке сәйкес, өткен бір тәулікте елімізде 450 адам коронавируске шалдыққаны белгілі болды.

Өсім 4,5% құрады.

Өңірлер бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы – 89 (4,8%)
Шымкент қаласы – 51 (6,7%)
Атырау облысы – 44 (4,5%)
Қарағанды облысы – 41 (5,2%)
Алматы қаласы – 37 (1,5%)
Батыс Қазақстан облысы – 36 (6,6%)
Ақтөбе облысы – 34 (11,2%)
Қостанай облысы – 29 (21,3%)
Алматы облысы – 23 (7,1%)
Шығыс Қазақстан облысы – 17 (17,5%)
Қызылорда облысы – 16 (4,8%)
Түркістан облысы – 10 (2,8%)
Павлодар облысы – 8 (4,1%)
Маңғыстау облысы – 7 (3,2%)
Жамбыл облысы – 5 (1,4%)
Солтүстік Қазақстан облысы – 3 (5,9%)
Бір тәулікте жазылып шықты - 127 науқас.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 10 382, ендіттен айықты - 5057, қайтыс болды - 37 адам.


Соңғы жаңалықтар