+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қазақстанда коронавирусқа байланысты жедел желі іске қосылды

2020 жылғы 26 қаңтар 20:39
Бөлісіңіз:
Қазақстанда коронавирусқа байланысты жедел желі іске қосылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда тараған коронавирусқа қатысты жедел желіні іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ – министрлік ҚР Бас санитарлық дәрігері коронавирус өршіген елдерге сапарламауға кеңес берді Алматыда коронавирустың алдын алу жұмыстары қалай жүргізілуде

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан cаll-орталық (1406, +7 717 2 76 80 43) іс қосылды. Азаматтар осы нөмірлерге тәулік бойынша хабарласып, әлемдегі коронавирусқа қатысты ахуал жайлы сұрақтарына жауап ала алады. Сонымен бірге, жедел желі аурудың негізгі белгілері мен алдын алу шараларына байланысты пайдалы кеңес бере алады», - делінген министрліктің facebook парақшасында.

Министрліктің хабарлауынша, коронавирустың алғашқы белгілері – бастың ауруы, тұмау, кеудедегі ауырлық, өкпенің қабынуы, қызудың көтерілуі, жүрек қағысының жиілеуі, демнің жеделдеуі.

«Мұндай жағдайда ем шарасын өздігімен қабылдамай, бірден 103 нөміріне хабарласу керек!» - деп ескертеді министрліктен.

Еске сала кетсек, осы аптаның жұмасында ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытайдағы коронавирусты 830 адам жұқтырып, 25 адам көз жұмғанын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан Қазақстан аумағына коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша нақты ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырған еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT