Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 300-ден асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 302 болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

30 наурызда сағат 18:50-дегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтыруға қатысты тағы 8 оқиға тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында - 1 адам, Қарағанды облысында - 6 адам, Алматы облысында - 1 адам анықталды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 168 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 9 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам,
Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам,
Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 5 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 302 науқас тіркелді.


Соңғы жаңалықтар