Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 22 адамға артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан тағы 22 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«6 наурыз сағат 22.25-тегі жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 адам тiркелдi, Түркістан облысында - 4 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам, Алматы қаласында – 3 адам, Шымкент қаласында – 5 адам, Қызылорда облысында - 8 адам.


Осы сағатта Нұр-Сұлтанда - 221 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында - 48 адам, Ақмола облысында - 42 адам, Атырау облысы - 24 адам, Жамбыл облысында - 35 адам, Шымкент қаласында - 19 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 5 адам, Қызылорда облысында - 45 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 32 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 651 науқас тіркелді», - делінген ақпаратта
Соңғы жаңалықтар