08:40, 07 Мамыр 2021 | GMT +6
Қазақстанда коронавирус пневмониясынан бір күнде 6 адам қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мамырдың 5-і күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда 101 адамнан коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония анықталып, 6 адам қайтыс болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ аталмыш дерттен 85 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамызынан бері ауырғандар саны 53400 адамды құрады, 829 адам қайтыс болып, 52100 адам жазылып шыққан.