Қазақстанда коронавирус індетінің алғашқы фактісі қалай анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирустың алғашқы жағдайы қалай анықталғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қытайда коронавирус тарала бастағаннан кейін-ақ 6 қаңтарда күшейтілген шараларды қолға алдық. Қаңтар айының ортасына таман полимеразды тізбекті реакция-диагностикасы рецептін алдық. Соның арқасында коронавирустың жаңа түрін анықтауға мүмкіндік болды. Коронавирус инфекциясына шалдығу күдігі бар науқастарды тексере бастадық», - деді министр zakon.kz порталының Instagram парақшасында берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта өкпе қабынуы және өкпе қабынуының ауыр формасына душар болған науқастардың барлығы тексеріліп жатыр.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас наурыз айының ортасында осы топтың ортасынан анықталды. Яғни, ақпан-наурызда мұндай түсініксіз вирус инфекциясын кездестірмедік. Тестілеу жасағанымен коронавирус таппадық. Санитар дәрігердің жаңа қаулысын енгіздік. ЖРВИ-дің ауыр, орташа ауыр формаларына да коронавирустың жасырын формаларын анықтау үшін тестілеу жүргіземіз», - деді Елжан Біртанов.

Осы ретте ол Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ЖРВИ белгілері бар тұрғындардың жүгінуі үшін арнайы клиника ашылғанын атап өтті. Аталған клиникада дәрігерлер қажет болған жағдайда тиісті тексеру тағайындай алады.

«Толықтай алғанда, біз сапалы тест қолымызға түскеннен кейін тексере бастадық. Жаңа коронавирус тек 13 наурызда ғана анықталды», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар