Қазақстанда коронавирус бойынша қауіпті мемлекеттер тізімі өзгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан коронавирус тіркелген мемлекеттер санатын өзгертті. Бұл туралы Бас мемлекетітк санитар дәрігердің жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа тізімде 2 және 3 санатты елдер жоқ. Онда тек екі санат бар.

Бірінші 1А санатына Франция, Иран, Италия, Үндістан, Испания, Малайзия, Германия, Таиланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Шри-Ланка және Египет мемлекеттері кірген.

Ал 1Б санатына коронавирус инфекциясы тіркелген әлемдегі барлық мемлекеттер (А1 санатында көрсетілгендерден басқа) енеді.

Қаулының мәтінімен мына сілтемеде танысуға болады.

Еске сала кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 68-ге жетті.


Соңғы жаңалықтар