Қазақстанда коммуналдық қызмет көрсету саласында делдалдар жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коммуналдық қызмет түрлерін көрсету саласында делдалдар жұмыс істей ме? Бұл сұраққа ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы қызметті ұсынатын әрбір топтың өз міндеттемесі бар. Мәселен біз жылумен қамту туралы айтар болсақ, бұл ретте қызметтің үш түрі – өндіріс, көлікпен жеткізу, қамту шаруалары туралы сөз қозғаймыз. Бұл жүйеде қандай да бір делдал жоқ», - деді Асан Дарбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша сумен қамту жүйесі де осыған ұқсас.

«Сумен қамту және тасымалдау шаруасын бір заңды тұлға атқарады. Монополияоық саланың өзі жеткізушінің біреу екенін көрсетеді. Электр энергиясына келер болсақ, бұл бағытта да өндірушілер, тасымалдап жеткізуші ұлттық оператор бар. Жалпы бұл салаға салалық министрлік, яғни Энергетика министрлігі жауап береді. Министрлік аталған ұйымдардың жұмысына тұрақты түрде талдау жүргізеді», - деді Асан Дарбаев.


Соңғы жаңалықтар