Қазақстанда коммуналдық компаниялардың рейтингі жасалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің рейтингі түзіледі. Тұрғындар «Е-шаңырақ» ақпараттық жүйесі арқылы коммуналдық компаниялардың рейтингін көріп, өзіне ыңғайлы ұйымды таңдай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұндай жаңалықты «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков орталық коммуникациялар қызметінде мәлім етті.

«Заның басты мақсаты – мүлік иелері бірлестігі мен жаң серіктестіктер арқылы пәтер иелерін үйге инвестициялық портфель сияқты қарап, күтіп ұстауға қатыстыру. Пәтер деген – бір үйдің мүшесі, оның өз үлесі бар. Яғни үйді күтіп ұстауға әр пәтердің иесі қатысуы қажет. Пәтер иелері кооперативтері бұл реформа бойынша сервистік компанияға айналады. Осы компания арасында салыстырмалы ресрурс ретінде «Е-шаңырақ» деген ақпараттық жүйе құрып жатырмыз. Ол жерде ашық порталда рейтингтер немесе реестрлер болады. Әр елді мекенде сервистік компаниялар бар, қандай басқару компаниялары бар? Соның бәрін осы порталдан көруге болады», - дейді акционерлік қоғам өкілі.

Нұрбек Серіков аталған рейтинг қандай өлшемдер бойынша түзілетінін түсіндірді.

«Осы реестрдегі компаниялар арасында рейтинг жасалады. Өтінімдерді орындау деңгейі мен қызмет көрсету сапасы жағынан рейтинг болады. Бұл тұрғыда біз Бәсекелестік қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Қарашада қабылдануы күтіліп отырған ұлттық жоба бар. Осы жоба ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы бәсекелестікті құру жағынан нақты-нақты іс шаралар көзделіп отыр», - дейді «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ өкілі.


Соңғы жаңалықтар