Қазақстанда көліктерге сатып алуға болатын нөмір белгілері тізбесі кеңейтілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мемлекеттік қызметтерді жақсарту жөнініде түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы электронды түрде қолжетімді. Осы орайда 690 мемлекеттік қызметтің арасында 624-і қамтылды. Бұл тұрғыда электронды қызметтердің сапасына мән беріліп отыр. Яғни, тұрғындар бұл қызметтерді электронды түрде алмай, неге халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінеді? Осы мәселелердің барлығына зерттеп, электронды онлайн қызметтердің сапасын көтеруге екпін қойып отырмыз», - деді Б. Мусин Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Министр мемлекеттік қызметтерді алудың бірнеше тәсілі бар екенін, оларды eGov, ХҚКО, министрліктер мен әкімдіктердің қызметтері арқылу алуға болатынын еске салды. Сонымен қатар, тиісті қосымшалар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Сонымен қатар ол автокөлікті қайта ресімдеу бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

«Бұл тұрғыда Ішкі істер министрлігімен бірлесе сұранысы жоғары нөмірлерді арттыру бойынша жұмыстар пысықталды. Осы реттегі қадамдарды заңнамалық түрде бекіту керек болды. Сондықтан депутаттар тарапынан бізге тиісті қолдау керек, өйткені түрлі нөмір белгілері елімізде сұранысқа ие болып тұр. Мәселен, бюджетке қаржы аударып, сатып алуға болатын нөмір белгілері (777) бар. Алайда реттеу іс-шараларымен қамтылмаған нөмір белгілері де бар, оларды да сатып алу үшін заңнамалық тұрғыда бекіткіміз келеді», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар