Қазақстанда көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі әзірленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі әзірленеді. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің атап өтуінше, мұндай шара «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көзделген.

«Цифрландыру бойынша заңнамалық деңгейде жасанды интеллектінің ұлттық платформасын қалыптастыруға жағдай жасайтын түзетулерді бекіту ұсынылады. Автомобиль көлігі саласында Зияткерлік көлік жүйесін дамыту, тасымалдаушылар үшін рұқсат бланкілерін беру процесін автоматтандыру, елдер арасындағы қатынастар транзитін мониторингілеу үшін ақпараттық база құру бойынша түзетулер көзделеді. Бұл Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін енгізуге мүмкіндік береді», - деді Руслан Дәленов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, заң жобасында дербес деректерді жинаумен, өңдеумен және қорғаумен байланысты түзетулер ұсынылады.


Соңғы жаңалықтар