Қазақстанда қолданылатын вакциналардың бәрінің қауіпсіздігін түсіндіру қажет - Үкімет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халыққа Қазақстанда қолданылатын вакциналардың бәрінің қауіпсіздігін түсіндіру қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірге көшпелі вакцинациялау пункттерін кеңінен қолданып, ауыл тұрғындарын барынша көп вакцинациялауды қамтамасыз етсін. Және де әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеудің жаңа критерийлерін енгізуді, вакцина алғандар үшін жеңілдіктер беруді бақылауда ұстау қажет», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, бұл әсіресе қызмет көрсету саласында бизнесті жандандыруға мүмкіндік береді.

«Ақпарат министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, вакцинациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс, Қазақстанда қолданылатын вакциналардың бәрінің қауіпсіздігі, вакцинаны таңдау мүмкіндігі мен шектеу шаралары туралы түсіндіру жұмысын кеңейтсін», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар