Қазақстанда көбірек сатылған көлік брендтері белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың бес айында Қазақстанда 27 157 автокөлік құрастырылды. Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы мен арнайы машиналар да бар. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағына сілтеме жасап хабарлайды.

Есепті кезеңде Қазақстанда шығарылған көліктердің жалпы құны 195,9 млрд теңгеге бағаланып отыр. Оның ішінде жеңіл автомобиль құрастыру 51,8 пайызға өсіп, 23 879-ға жетті. Автобус техникасын шығару (403 көлік) былтырғы деңгейде сақталды. Сонымен қатар, жүк көліктерін құрастыру (2462 көлік) 5 есеге өскен.

Ал республика тұрғындары жергілікті өндірістен шыққан көліктерді сатып алуға 131,7 млрд теңге жұмсаған. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 37,6 пайызға артық.

Есепті кезеңде Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (5377 көлік), Hyundai (4780), KIA (2430 ), Ravon (2376) және Chevrolet (299) енді.

Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде JAC (232 көлік), Skoda (166) мен UAZ (144) бар екенін атап өткен жөн.


Соңғы жаңалықтар