+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Қазақстанда кезектен тыс парламенттік сайлау өте ме

2019 жылғы 28 қараша 21:17
Бөлісіңіз:
Қазақстанда кезектен тыс парламенттік сайлау өте ме

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда алдағы жылы кезектен тыс парламенттік сайлау өте ме? Бұл сұраққа «Ашық диалог» бағдарламасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тәжікстанда парламент сайлауы өтіп жатыр Әзербайжанда парламент сайлауы басталды Өзбекстанда Парламенттік сайлауға қайта дауыс беру жүріп жатыр

«Ұмытпасам, бұған дейін де «күзде парламенттік сайлаудың өтетіні анық» деген пайым-пікірлер желдей ескен еді. Ал қазір жылдың желтоқсаны кеп қойды. «Nur Otan» партиясының кез келген дерлік белсенділігі – бірден кезектен тыс сайлауға дайындық секілді қабылданатын болыпты. Бірақ, біздің көріп отырғанымыз – бәрі қарапайым процесс, партияның электоратаралық жұмысы ғана. Оның үстіне партияның барлық саласын қайта жандандыру міндетін қойды. Сөзсіз, аймақтарды тартпаса, бұл істің сәтті болмасы анық», - деді министр.

Дәурен Абаев Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» филиалдары өкілдерімен кездесуінен не түйгенін айтып берді.

«Әлбетте, айтылған ең маңызды мәселелердің бірі – мәслихат депутаттарының партиялық жауапкершілігін күшейту. Бүгінгі күні өздеріңіз жақсы білетіндей, жергілікті басқару ісі жақсы жетіліп келеді. Аудандар мен ауыл әкімдіктерінің басым бөлігі қазіргі уақытта өздігінен бюджетті түзіп, жұмсай алады. Яғни, олар қаражатты қайда жұмсауды шешеді. Бұл ретте аймақтарды дамытудағы стратегиялық шешімдерді қабылдауда да мәслихаттардың рөлі күшейеді. Осы ретте сайлауалды уәделерді орындауда партияның депутаттарына ерекше жауапкершілік жүгі артылатыны анық», - деді Дәурен Абаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT