Қазақстанда қазан айында ауа райы қандай болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазанның басында суық және ылғалды ауа массаларына байланыс ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын болады. Түнде 0... -5 суық, күндіз 7...15 жылы; оңтүстік-шығыста - күн күркіреп, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 7...12, күндіз 17...25 жылы аралығында болады.

Кейін Орталық Азияда күн жылынып, Қазақстанның көптеген облыстарында күн ашық әрі жылы болады.  Күндіз термометр бағаны көтеріледі:

Солтүстік жартысында +15...+22 °С;

Оңтүстік жартысында + 23...+28°С.

Синоптиктикалық процестер жылдам өзгеріп, 3-4 қазанда елдің батысында циклонның ықпалымен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кейін бұл салқын күн райы шығыс бағытқа ауысады.

Айдың ортасында Қазақстанның басқа да облыстарында жауын-шашынды болады.

Ұзақ мерзімді ауа райы болжамына сәйкес, үшінші онкүндіктің ортасында күн суытады:

Солтүстік жартысында түнде -5...-13 аяз, күндіз 0...5 суық болады; 

Оңтүстік жартысында түнде 0...-5 суық, күндіз 10...18 жылы болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде айлық жауын-шашын мөлшері нормадан көп болса, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының кей жерлерінде нормаға жуық болады. Қалған облыстарда нормадан төмен болмақ.

Ведомствода бұл консультативтік болжам болғандықтан ауа райы қысқа мерзімдегі құбылуына орай біршама өзгертілуі мүмкін екендігін ескертті. 

Соңғы жаңалықтар