Қазақстанда кәсіпкерлерге көмек беретін жедел штаб ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда кәсіпкерлерге көмек көрсететін жедел штаб іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

«Коронавирус салдарынан тауар жеткізілімдері тізбегінің үзілуі және Қазақстандағы негізгі экспорттық позицияларына әлемдік бағалардың айтарлықтай төмендеуіне байланысты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнеске түсетін теріс әсерді төмендету мақсатында Жедел штаб құрды», делінген хабарламада.

Кәсіпкерлер палатасы жедел штабтың міндеттерін айқандады.

Штаб бизнеске келтірілуі мүмкін тәуекелдерді және ағымдағы экономикалық ситуациядағы теріс салдарды бағалау: импорттық шикізат, жабдық және қосалқы бөлшектерді сатып алудағы проблемалар; қаржыға қолжетімділік (қаражат айналымы, валюталық заем, қайта қаржыландыру қажеттілігі және т.б.); бизнестен алынған мәліметтерді күнделікті негізде жүйелейді және өңдейді. Сондай-ақ, бизнестің дамуына мүмкіндіктерді анықтау (өткізу нарықтары, қолдау шаралары); бизнестен алынған мәліметтер негізінде Үкіметке ұсынымдар әзірлейді.

Бизнес өкілдерімен кері байланыс ҰКП-ның call-орталығы арқылы (нөмір 1432) іске асырылады. Мына сілтемеде қысқаша сауалнамадағы сұрақтарға жауап беріп, сұрақтар қойып, ұсыныстар қалдыруға болады.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнес-қоғамдастықты орын алған мәселелер бойынша жедел кері байланыс орнатуға, ұсыныстар беруге, сондай-ақ жеке бизнеске ықтимал болған тәуекелдер мен мүмкін болатын салдар туралы хабарлауға шақырады». Делінген .

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Импортты алмастыру және экспортты ілгерілету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) екінші отырысы өтті. Жиында Үкімет басшысы мемлекет бизнесті қолдау және кәсіпкерлікті дамыту шараларын кеңейтетінін мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар