USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қазақстанда қашықтан жұмыс істейтіндер саны 2 есе азайды

2021 жылғы 29 қараша 07:27
Бөлісіңіз:
Қазақстанда қашықтан жұмыс істейтіндер саны 2 есе азайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дағдарыстан кейін қалпына келу кезеңінде Қазақстанның еңбек нарығы пандемияға дейінгі көрсеткіштерге оралуда. Бірақ кейбір құрылымдық өзгерістер бар. 3-тоқсанда қашықтан жұмыс істейтіндер саны айтарлықтай төмендеді: өткен тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 75 мыңнан 41 мың адамға дейін азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Грузияда коронавирус таралуының жаңа рекорды тіркелді: бір күнде – 17 530 жағдай Манипуляция: «SinoVac вакцинасы омикрон нұсқасынан қорғамайды» Еуроодақ екпе сертификаты бар тұрғындардың жүріп-тұру ережесін жеңілдетуді жоспарлап отыр

«Шектеу шараларын жеңілдете отырып, қызмет көрсету, соның ішінде ақпарат және байланыс, сауда және денсаулық сақтау салаларындағы жұмыспен қамту көлемі артты. Сонымен қатар, жұмыспен қамту құрылымы өзін жұмыспен қамтуды ұлғайту жағына қарай өзгеруде, бұл көбінесе өнімсіз болып келеді», - деп хабарлады «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Александра Молчановская.

Қашықтан істейтін жұмысшылардың күрт төмендеуі жұмысшылардың дәстүрлі жұмыс форматына оралуымен байланысты. Бұл ретте қашықтан істейтін жұмысшылардың басым көпшілігі әйелдер, ер адамдар тек 36,5% болып отыр.

Сондай-ақ ауылда қашықтан жұмыспен қамтудың қысқаруы (36%-дан 18%-ға дейін) және қалалық жерлерде қашықтан жұмыс істейтіндердің баламалы өсуі байқалады. Сонымен қатар, жұмысшылардың 93% өздерінің байланыс құралдарын пайдаланса, жұмыс берушілердің қажетті жабдықтарымен 7% ғана қамтамасыз етілген.

«Өткен тоқсанмен салыстырғанда, биылғы жылдың 3-тоқсанында жұмыс күшінің саны 7,2 мың адамға немесе 0,1% өсті және 9,3 млн құрады. Егер өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырсақ, жұмыс күшінің 95,7 мың адамға немесе 1% артуын атап өтуге болады», - деді сарапшы.

Сонымен қатар, уақытша жұмыспен қамтылмау ағымдағы жылдың 2-тоқсанымен салыстырғанда 44% немесе 59,6 мың адамға артты, бұл бұрынғыдай шектеу шараларына емес, көбінесе маусымдық ауытқуларға байланысты. Осылайша, жұмыссыздардың саны негізінен «демалушылар» есебінен толықтырылды, олардың саны 3-тоқсанда 4,3 есе өсті. Сонымен қатар, жұмыс берушінің бастамасы бойынша уақытша жұмыспен қамтылмағандардың саны бір тоқсанда 28% және бір жылдық кезеңде 97% қысқарды.

«Сондай-ақ 3-тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыссыздар саны айтарлықтай азайды. Егер өткен тоқсанмен салыстырғанда азаю бар болғаны 606 адамды құраса, өткен жылдың 3-тоқсанымен салыстырғанда олардың саны 4 мыңға жуық адамға қысқарды. Бірақ жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 4,9% деңгейінде сақталды және соңғы төрт тоқсан ішінде осындай болып қалуда. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі де айтарлықтай өзгеріссіз қалды – 3,7%», - деді сарапшы.

Өңірлер бөлінісінде жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі Қарағанды облысында және Нұр-Сұлтан қаласында (4,6%-дан) сақталуда. Жұмыссыздық республикалық деңгейден жоғары Түркістан облысында (5,1%), сондай-ақ Алматы (5,1%) және Шымкент (5%) қалаларында тіркелген.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, осы жылдың 3-тоқсанында орташа айлық атаулы жалақы 243,7 мың теңгені құрап, тоқсан ішінде абсолюттік мәнде 8 мыңға жуық теңгеге қысқарды. Бұл ретте Атырау (+5,2%), Қостанай (+3,2%) және Батыс Қазақстан (+2%) облыстарынан басқа барлық өңірлерде төмендеу орын алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT