Қазақстанда карантин сақтамаған 84 кафе-бар сот шешімімен жабылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Карантин талаптарын бұзғаны үшін қазақстандықтарға 1,3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

1 қаңтар мен 19 маусым аралығында карантин талаптарының сақталуын бақылайтын мониторинг топтары 107 358 рейд жүргізіп, 655 859 нысанды тексерді.

17 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны шектеу талаптарын бұзған.

Карантин режимін бұзған кәсіпкерлік нысандарының басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында, сондай-ақ, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.

Мониторинг барысында карантин кезінде қызметіне тыйым салынған нысандардың жұмыс істейтіні, жұмыс кестесіне қойылатын шектеулердің сақталмайтыны, бұқаралық шаралардың ұйымдастырылатыны анықталды.

Тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша 315 іс сотқа жіберліп, 84 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды.

Карантин талаптарын бұзғаны үшін 9, 9 мың шағын және орта бизнес иесі, 7,1 мың жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден асады.


Соңғы жаңалықтар