Қазақстанда қандай тауарларды шетелге экспорттауға тыйым салынған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Руслан Нұрлыбеков елден қандай тауарларды әкетуге тыйым салынғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Салық кодексіне енгізілген бірқатар өзгерістер күшіне енді.

«ҚР СК 444-бабы 7-тармағына сәйкес салық органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстанға тауар импорттау кезінде салынатын салық мөлшерін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен түзетуге құқылы. Импорт кезінде бағаның ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілген. Бүгінгі таңда тізбеге бірқатар алкоголь өнімдері ғана енгізіліп отыр», - деді ол.

Елдің экономикалық қауіпсіздігі мақсатында кейбір тауарларды елден шығаруға тыйым салынды.

«Қазақстан Президентінің 14 наурыздағы Жарлығымен ел аумағынан 10 000 АҚШ долларынан асатын ақшаны әкетуге тыйым салынды. Сондай-ақ 5, 10, 20, 50 және 100 грамм аффинирленген алтын құймаларын және Ұлттық банк шығаратын ALTYN BARYS алтынынан және KÚMIS BARYS күмісінен жасалған инвестициялық монетаны, 100 грамнан асатын аффинирленген алтынды әкетуге болмайды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21 сәуірдегі бұйрығымен алты ай мерзімге ел аумағынан алюминий, қорғасын қалдықтары мен сынықтары, аккумулятор қалдықтары мен сынықтары, құрамында қорғасын, кадмий бар өзге де қалдықтарды әкетуге шектеу қойылды», - деді Руслан Нұрлыбеков.

2022 жылдың 22 қаңтарынан бастап алты ай мерзімге Қазақстан аумағынан тірі ірі қара малды, қой мен ешкіні әкетуге рұқсат жоқ.

Бұдан бөлек, қант экспортына тыйым салынып отыр.


Соңғы жаңалықтар