Қазақстанда қандай қалдықтарды көмуге тыйым салынған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр елімізде көмуге тыйым салынған қалдықтарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экология кодексінің 365-бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, қалпына келтіру және жою қызметтерін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері үшін қажетті инфрақұрылымды әзірлеп, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Палигондарға жеткізілетін қалдықтарды қысқарту, сапалы қайталама шикізат алу үшін 2016 жылдан бері қалдықтардың бірқатар түрін, оның ішінде құрылыс қалдықтарын көмуге тыйым кезең-кезеңімен енгізілді», - делінген Роман Склярдың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында.

Оның атап өтуінше, 2016 жылдан бастап құрамында сынап бар шамдар мен құралдарды, металл қалдықтарын, кәдеге жаратылған май мен сұйықтықтарды, батареяларды, электронды қалдықтарды полигондарда көмуге тыйым салынған. Ал 2019 жылдан бері пластмасса, макулатура, картон және қағаз қалдықтарын, шыныларды, 2021 жылдың 1 қаңтарынан құрылыс және тамақ қалдықтарын көмуге болмайды.

«Қалдықтарды басқаратын ұйымдардың қызметін ретке келтіру және бақылау үшін Кодексте хабарландыру тәртібін енгізу көзделген. Сонымен қатар жаңадан заңсыз қоқыс алаңдарының пайда болуына жол бермеу мақсатында қоқыс шығаратын ұйымдар көліктеріне GPS құралын орнатуға және көліктердің қозғалысы туралы толық ақпаратты беріп отыруға міндетті», - деді Үкімет басшысының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар