Қазақстанда іздеу жарияланған 9 сотталушы ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Шартты» республикалық профилактикалық іс-шарасы аясында бес күн ішінде іздеу салынған тоғыз сотталушы ұсталды, деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Криминалдық полиция мен жергілікті полиция қызметінің бөлімшесімен бірлесе отырып 2016 жылдан бері іздеуде жүрген 9 сотталушыны ұстады. Қарағанды облысында үш жағдай және Ақтөбе, ШҚО, ОҚО, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Астанада бір оқиға тіркелді. Ұсталғандар бірден қамауға алынды.

Қоғамнан оқшауламау арқылы жазаға тартылған 25 мың сотталушы мекенжайы бойынша тексерілді, соның ішінде жазасын өтеу тәртібі мен шартын бұзған 500 жағдай анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша шартты  айыптау мен жазасын өтеу мерзімін кейінге шегеруді алып тастау, сондай-ақ пробациялық бақылау мерзімін ұзартуды бас бостандығынан айыру жазасына алмастыру туралы материалдар сотқа жіберілді. 

Соңғы жаңалықтар