Қазақстанда іздеу салынған қылмыскер Нью-Йоркте ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Көші-қон және кеден басқармасының қызметкерлері 12 шетелдік қашқынды ұстады, оның арасында Қазақстан азаматы да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арнайы 5 күндік операция арқылы өз елдерінде қылмыс жасап, Нью-Йоркте бас сауғалаған ондаған шетелдік қылмыскер ұсталды. Біздің еліміз шетелдік қылмыскерлердің сот қудалауынан қашып, паналайтын жеріне айналмауы тиіс», - дейді Нью-Йорктегі Көші-қон басқармасының мәжбүрлі атқару және шығару бөлімінің басшысы Томас Р. Декер.

Қалғандарының арасында Аргентина, Қытай, Чили, Колумбия, Жапония, Қазақстан, Мексика, Ресей азаматтары бар. Нью-Йорктің Бронкс ауданында 27 жастағы қазақстандық ұсталған. Оны Қазақстанның құқық қорғау органдары тонау қылмысы үшін бес жылдан бері іздестірген. Барлығы әзірге Көші-қон және кеден басқармасының қамауында сот тыңдалымын күтіп отыр.

Өз кезегінде, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиға жөнінде пікір білдірді. Қазақстанның Бас Консулдығы бұл ақпаратты тексеріп жатыр және полициядан еш ресми ақпарат түспеген.

Соңғы жаңалықтар