+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Қазақстанда іскерлік белсенділік қалпына келе бастады

2020 жылғы 22 қыркүйек 09:30
Бөлісіңіз:
Қазақстанда іскерлік белсенділік қалпына келе бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда пандемия салдары жеңілдегеннен кейін іскерлік белсенділік ахуалы жақсарып келеді. Әсіресе қызмет көрсету саласында едәуір жағымды өзгеріс бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ranking.kz зерттеуіне сілтеме жасай отырып.

«Шілде айындағы қатаң карантин шаралары елдегі іскерлік белсенділікті әлсіретіп, Қазақстанның еңбек нарығына едәуір жағымсыз сипатта әсер етті. Осылайша республикада жұмыссыздық 5 пайызға өсті» делінген зерттеу қорытындысында.

Елдегі іскерлік белсенділік саласындағы жағдайға Алматы ерекше ықпал етеді: бұл аймақта жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 80,7 мыңы, яғни бүкіл елдегі кәсіпорындардың 25,1 пайызы шоғырланған. 31 тамыздан бастап Алматыда 579 нысан (онда барлығы 13,1 мың жұмыс орыны шоғырланған) жұмысын қайта жандандырған.

Оның ішінде діни нысандар (600 жұмыс орыны), мәдениет нысандары (6,2 мың жұмысы орыны), бассейндер (1,7 мың жұмыс орыны), жаттығу залдары (2,8 мың жұмыс орыны), спорт кешендері (1,3 мың жұмыс орыны) бар.

Аймақта төтенше жағдай аяқталып, карантин режимі әлсірегелі 188 мың кәсіпорын (ірілі-ұсақты) жұмысын қайта бастаған. Өңірдегі ендігі басты міндет – өткен жылдың өсіміне қайта жету болып отыр.

Алматыда жұмыс орындарын сақтау үшін барлық қажетті шара қабылдануда. Жұмыссыз азаматтарға мемлекет тарапынан сенімді көмекші - жұмыспен қамту орталығы.

Пандемия басталғалы бері орталық қиын салдардың еңбек нарығына жағымсыз әсерін азайтуға ден қойған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT