Қазақстанда ипотекаға сұраныс жоғарылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елімізде несие портфелі бір жарым триллион теңгені құрады - бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ranking.kz сілтеме жасап.

Екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелері бір айда 4,5%-ға өсті және бірден рекордтық 30,5%-ды құрап, 1,49 трлн теңгеге жетті. Бұл экономикаға берілген несиелер жиынтығының 11,6%-ын құрайды. Былтыр бұл көрсеткіш 1,14 трлн теңге болған.

Жалпы, Қазақстанда ипотекалық несие екі бағыт бойынша жүргізіледі: жеңілдіктер қарастырылған ипотека және арнайы санаттағы қазақстандықтарға қолжетімді ипотека. Мысалы, табысы төмен көпбалалы және мүгедек баласы бар отбасыларға жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ, қазақстандықтарға қол жетімді коммерциялық ипотека бар.

Бүгінгі күні пайыз мөлшерлемесі төмен әрі тиімді ипотека беретін банктер қатарында Altyn Bank (15,4%), Сбербанк (15,6% ) және РБК банкі (16%) бар.

Ипотека бойынша ұзақ мерзімді 5 банк ұсынып отыр: Алтын Банк, Нұрбанк, Сбербанк, Халық банк және Тенгри Банк. 240 ай (20 жыл).

Ең төменгі алғашқы жарна бойынша ForteBank көш бастап тұр - 15%. Ал, Altyn Bank, Tengri Bank және АТФ банктері сатып алатын баспана құнының 20%-ын қуюды сұрайды.

Қазір Қазақстанда 28 екінші деңгейлі банк бар. Олардың 15-і ғана ипотека береді.

Соңғы жаңалықтар