Қазақстанда ипотека жаңа технология арқылы рәсімделеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда болашақта ипотека Blockchain технологиясы арқылы рәсімделетін болады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Б.Мусин желідегі парақшасында бүгінгі Үкімет отырысында көтерілген кейбір мәселелерге түсінік берген.

«Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрге ипотеканы рәсімдеудің күрделі процесін блокчейн технологиясымен алмастыруға уәде бердім. Ипотекаға пәтер сатып алғанда, кепілді тіркеу қажет. Бүгінде банктен құжаттарын алып, оларды ХҚКО-ға ұсыну қажет. 3 жұмыс күнінен кейін ХҚКО-дан құжаттарды алып, оларды қайтадан банкке кері қайтару керек. Содан кейін ғана ипотека беріледі. Рәсімдеу кезіндегі бюрократияны шешу үшін Blockchain технологиясын қолдандық. Осы күрделі процес тек сынақ форматында автоматтандырылды. Бұл бізге қандай мүмкіндіктер берді? Ипотеканы ресімдеу мерзімін қысқарту және клиент деректерінің сақталуы. Мұндай жобалар басқа банктер тарапынан да іске асырылатын болады және құрылыс компаниялары да осы технологияға қызығушылық танытып, процеске тартылады деп үміттенеміз»,-деп жазды министр.

Оның өзінше, Үкімет отырысында көтерілген тағы бір мәселе автокөлікті сатып алу-сату процесін өзгерді. Автокөлікті тіркеу онлайн режимінде қолжетімді болғанына қарамастан, азаматтар Маманданыдырылған ХҚКО-ға тікелей келіп, көп уақытын жұмсайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларға жыл сайын 3 млн астам азаматтар жүгінеді. Онда қашанда ұзын-сонар кезек.

«Біз енгізген жаңа процесс - базада сатып алушы ақшаны автомобильді сатушының шотына аударғаннан кейін бірден автокөлік иесін өзгертуге мүмкіндік береді. Барлық мәселелерді жедел пысықтағаны үшін ІІМ әріптестеріне алғыс айтқым келеді. Бүгін ғана осындай ыңғайлы сервис пилоттық режимде Kaspi.kz қосымшада қолжетімді»,-деп жазды Б.Мусин.


Соңғы жаңалықтар