Қазақстанда хоккей жарыстары көрерменсіз өтеді - QHF

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19 коронавирусына байланысты елімізде болатын барлық хоккей матчы бос трибунада көрерменсіз өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан хоккей федерациясына (QHF) сілтеме жасап.

«Спорт жарыстары өтеді, бірақ көрерменсіз өтетін болады. Бұл – халықаралық тәжірибе. Барлық Еуропа елінде үлкен құрамалар көрерменсіз алаңға шығады. Бізде де осындай шешім қабылданды», - деп мәлімдеді ҚР Үкіметінің шұғыл брифингінде Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Осылайша жанкүйерлердің денсаулығына қауіп төнбес үшін 13 наурыздан бастап Қазақстандағы барлық ресми хоккей жарыстары көрерменсіз өтеді. Аталған шектеу шараларының мерзімі туралы Қазақстан хоккей федерациясы қосымша хабарлайды.

Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік коронавирус пандемиясына байланысты елде барлық жаппай мәдени және спорттық шараларды өткізуге уақытша тыйым салды.


Соңғы жаңалықтар